Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
12
декабрь
2022

Lesson study зерттеу сабағы өткізілді

Ел мен елді, халықпен халықты теңестіретін нәрсе, ол - білім"- деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, білім- бұл қоғамның  ең жауапты , ең қастерлі саласы. Lesson study зерттеу бойынша мектебімізде мұғалімдермен қатар осы бағдарламаның идеясында қызығушылық танытқан мұғалімдерден " Көшбасшы" тобы құрылды. Осы топ мүшелерінің ықпалымен мектеп тәжірибесіне біраз өзгерістер енгізе бастадық. Теория бойынша, Lesson study зерттеу сабағына оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагогигикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыру.
Мақсаты: Lesson study- дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу;
Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.
Зерттеу сабағын жүргізу үшін:
Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып,    5 "Д" сыныбын алдық. Себебі, ол сыныпта бастауыштан сыныптан жоғары сыныпқа көшкенде әртүрлі мұғалімдерге бейімделуіне қиындықтар болды. Зертелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша
1. Қазақ тілі
2. Тарих
3. Математика пәндері деп ұйғардық.
Келесі қадам тарих пәнінен тізбектелген үш сабақтың тақырыбын ала отырып, коучингте жоспар құрдық.
9.11.22ж Қазақстан территориясында темірдің игерілуі
16.11.22ж Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
25.11.22 ж Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті жоспар бойынша әр зерттеуші топтың отырысында сабақта қолданатын әдіс- тәсілдер ұсынылды. Ортақ негізгі проблема: Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдысын қалыптастыру деп алдық. 
Нәтижеде, А оқушысы - өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы түсінгенін айта білді, С оқушы- сабаққа қызығушылығы ояна бастады.
Әр бала - жұлдыз демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін бір әдіспен шектелмей, келесі сабақтарымызда түрлі әдістерді ұйымдастыру қажетігін түсіндік.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив