31
май
2023
1"Б" сыныптың ата-аналары «Ашық есік» күнінде.
Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназияда 14.10.2022ж «Ашық есік» күні өтті. 1"Б" сыныптың ата-аналары Шалгынбаева Гүлнұр, Мысжанова Ақмарал, Мырзалиева Жанар қатысты. Сынып жетекші Запар Салтанат әліппеден «Дауыссыз к дыбысы» тақырыбында өткен сабақта оқушылар үй жұмысына жақсы дайындалған, берілген тапсырмалар, әдіс-тәсілдер ұтымды болды, оқушылар белсенді, оқуға деген қызығушылықтарын көрсете білді. Ата-аналар тарапынан өте жақсы деген баға берілді. Оқушылардың ынтасы, тапсырманы орындауда белсенді, топтық, жұптық жұмыстарда қызығушылықтарының өте жақсы екенін айтты. Мұғалімге рақмет айтып, мектептің ішкі жұмыстарына ризашылықтарын білдірді.
