Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
02
декабрь
2022

2-ші зерттеу сабағы

Топ мүшелерінің 4 "Е" сыныбындағы тізбектелген 2-ші зерттеу сабағы  әдебиеттік оқу  пәнінен 23.11.22ж. күні өткізілді. Тақырыбы:Ұлттық ойындары. Осы сабақ барысында анықталып алынған А,В,С деңгейіндегі оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін бақылаушы мұғалімдер зерттеп шықты. «Санау» әдісімен топқа бөлініп, «Бұрыш» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекітті.  Жаңа сабақта «Орамал тастау» ойыны ойнатылды. В,С деңгейлі оқушылар ойында   сұрақтарға жауап беріп отырды, топпен тапсырма берілгенде А деңгейлі топ басшысы болып өз деңгейінде  орындап шығып, өзін көрсете білді. Оқулықтағы 2-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы А,В, С деңгейдегі оқушыларға бұл әдіс өте қызықты, әрі түсінікті, тиімді  болды.  «Хан» ойыны  бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды. Бұл әдіс бойынша С деңгейлі оқушыда белсенділік пайда болып, сабаққа қызыға бастағаны байқалды. В, А  деңгейлі оқушылар асықтың түсуі бойынша аттарын жақсы жаттап алып, ойынға белсене қатысты. Бұл сабақтағы әдіс-тәсілдер тиімді болды, себебі 3 оқушыдан да сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын көре білдік. Яғни А деңгейлі оқушының көшбасшылық қабілетін байқасақ, В деңгейлі оқушының сабақтан шабыт алғанын, С деңгейлі оқушының қызығушылығының артқанын көрдік.. Әдістердің ұтымды болғанын  оқушылармен сұқбат барысында кері байланысынан байқадық. 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив