Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » » "Білім сапасын арттырудың негізгі шарты - жаңа инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбында қалалық оқыту семинары
14
март
2023

"Білім сапасын арттырудың негізгі шарты - жаңа инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбында қалалық оқыту семинары

Ж.Аймуытов атындағы №64 мектеп-гимназияда Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының  "Сапалы білім" жобасы аясында  білім алушылардың  білім сапасын арттыруға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 10.03.2023ж.  "Білім сапасын  арттырудың негізгі шарты - жаңа инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбында  қалалық оқыту семинары болып өтті. 
 Мақсаты: Оқыту барысында  инновациялық технологияларды  тиімді қолданып, оқушылардың функционалдық  сауаттылығын арттыру, білім сапасын жақсарту. 
Күтілетін нәтиже: 
Білім сапасының артуына ықпал етеді;
Пән бойынша ғылыми әдістемелік зерттеулер жүргізеді;
Инновациялық технологияларды  тиімді қолдануды меңгереді;
 Қалалық оқыту семинарына келген  әріптестерімізді мектеп-гимназия домбырашылары қазақтың күйімен қарсы алып, үйірме жұмыстарының қолөнер және шығармашылық көрмесі, әр кафедраның жұмыстары мен "Жетістіктер галереясы" көрермен назарына ұсынылды.
Мектеп-гимназияда өткізілген семинарға қатысқан 200-ге жуық әріптестеріміз сабақтан кейін мәжіліс залына келіп, қорытынды бөлімге қатысып, семинардың барысы мен әр мұғалімнің сабақтарына, жалпы мектеп-гимназияның жұмыстары бойынша кері байланыс жасап, ауқымды шараның сәтті жүзеге асқ
анын айтып, тәжірибе бөліскені үшін алғыстарын білдірді.#білімсапасы64




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив