Қолөнер - сырлы өнер. Үйірме есебі 2022 ж - І жарты жылдық
Үйірменің алғашқы сабағы жұмыстың қауіпсіздік ережелерімен танысудан басталып, оқушылардың қиялын дамыту мен шығармашылыққа баулу мақсатында бірнеше нысандағы жұмыстарды жасап үйретуді қолға алдым.
«7- А, Ә, Б, В» сынып оқушыларымен жүргізілген «Қолөнер – сырлы өнер» үйірмесінің I - жарты жылдық бойынша жоспарында «көркемдік кесте тігістері», «табиғи материалдармен жұмыс», «Жапсырмалау жұмыстары», «Мата кесінділерінен жұмыс(сөмке,гүл т.б)», тақырыбы бойынша жұмыстары жүзеге асырылды. Осы тақырыптарда оқушылар өздерінің жасаған бұйымдарынан, суреттерінен бейнежазба, коллаж жасап Facebook желісіне жариялап отырды. Сонымен қатар мектептің тәрбие жұмысының іс-шараларынада белсене қатысты. Атап айтсақ «Салауатты өмір салтын ұстанамын», «Біздің отбасылық жәдігерлеріміз», «Отбасылық шеберхана», «Таланттар әлемі». Осы тақырыптағы жұмыстарды оқушылар қызығушылықпен орындап, мектептің Facebook парақшасына жарыса салып отырды. «Дарынды және талантты балаларды оқытуда жоғары талап пен күшті дағдыны қалыптастыру» зерттеушілік тақырыбым бойынша мектептің дарынды оқушыларымен де жұмыс жүргіздім. Республикалық «Бояулар құпиясы» атты байқауының қалалық кезеңінде ІІ дәрежелі диплом алғаны үшін Мұхтар Аружан марапатталды.
Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркем өнерге тартуда үйірме жұмысы маңызды рөл атқарады. Оқушылармен ұлттық нақышта, сондай-ақ тұрмыста қолданылатын бұйымдар жасадық.
Жалпы баланың ақыл-ойын дамытып, адамгершілікке , іскерлікке баулу , жеке адамның дамып жетілуіне қолөнердің әсері мол. Халықаралық «Өрлеу – өркендеу» ғылыми – ақпараттық, танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен «Жас зерттеуші» атты оқушылар, жоғары және орта білім алушылар арасында өткізген ғылми жоба байқауында ойының ұшқырлығымен ерекшеленгені үшін Абдирасулова Айгерим марапатталды.
Түркістан облысы және Шымкент қаласы «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен» бірлесе, тәжірибе алмасу мақсатында мұғалімдерге коучинг – сессия өткіздім.
Нәтижесінде Мемлекетміздің рухани әлеуетін нығайту және білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз іздемпаздығы және жоғары нәтижелері үшін алғыс хатпен марапатталдым.
Републикалық «Пдагогикалық идеялар» фестивальі конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы атандым.
Республикалық Креативті мұғалім 2022 байқауында шығармашылқ ізденістер мен заманауи білімді жаңғыртудағы озық идеялы педагогикалық жетістіктері үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.
«Ұлттық тәрбие – ұлт қазынасы» атты оқу – тәрбие семинарына белсене қатысып, ата – аналарға «Үштік одақ» тақырыбында коучинг - сессия өткізгенім үшін әдістемелік орталығының мадақтамасымен марапатталдым.





