04
март
2024
Зерттеу топтарының жұмысы
Мектеп- гимназияда І тоқсан қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар бойынша 2"Ғ", 3"В", 4 "Ғ" сыныптарына зерттеу сабақтары жоспарланып, үш зерттеу тобы жұмыс жасауда. Зерттеу тобы мүшелерінің бірлескен жұмысы арқылы сыныптағы АВС деңгейлі оқушылары анықталды, сыныптардың жас және дара ерекшеліктеріне қарай қысқа мерзімді жоспар жасалынды. Әр сабақтың тақырыбына, мақсатына қарай әдіс- тәсілдер ұсынылып, оқушыларға тиімділігі зерттелді. Зерттеу сабақтары мен тиімді тәсілдер мұғалімнің ізденуіне, оқушыларды жаңа қырынан танытуға өз септігін тигізді. Алдағы әдістемелік отырыста зерттеу сабақтарының нәтижесі, зерттеу тобының, мұғалімнің рефлексиялық есебі қаралады. Бұл сыныптарда алдағы уақытта да зерттеу жұмыстары жалғасады және жұмыс өз нәтижесін береді деген сенімдеміз. #зерттеу_64білімсапасы_бастауыш






