11
октябрь
2023
Бастауыш сыныптар бойынша басқару мен бақылау жұмысытары
Мектеп - гимназияда ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 06 - сәуірдегі N130 және ҚР Оқу- ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы N68 бұйрығы бойынша, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы ұсынған мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық негізінде жасалып, 29.08.23ж.N1 педагогикалық кеңес қаулысы бойынша бекітілді. Бастауыш сыныптар бойынша жасалған мектепішілік басқару мен бақылау жоспарын директор орынбасарлары Карлыгаш Ахтаевна және Гулнур Шадымұратқызы мұғалімдерге таныстырды. Тамыз айында мұғалімдердің жоспарлары тексеріліп, бекітілсе, қыркүйекте 1- сынып оқушыларының құжаттары тексерілді. 2-4 сыныптар бойынша әкімшілік сынама бақылаулары алынып, қорытындысы директор жанындағы кеңеске ұсынылды. Алдағы уақытта бастауыш сыныптарда " LESSON STADY" мен "Аction Research" өткізу жоспарлануда. Зерттеу сабақтары білім сапасын арттыруға көмек беретінін, білім алушылардың алға жылжуына септігін тигізетінін өткен жылдағы тәжірибе көрсетті. #білімсапасы_бастауыш64