15
ноябрь
2021
"Тәуелсіздік-басты байлығымыз" диктанты
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназиясында Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының 677 шығыс хаты, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 271 қаулысымен бекітілген, Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 - 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында бүгін 2021 жылғы 3 қыркүйекте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері сағ. 11.00-де мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктантын өткізді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараның мақсаты - этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Жалпықазақстандық «Тәуелсіздік-басты құндылығымыз!» тақырыбындағы ашық диктантқа мектеп оқушылары толық қатысып, белсенділік танытты.