Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ №64 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДА ТІЛ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУДА
15
ноябрь
2021

Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ №64 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДА ТІЛ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУДА

 Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап)  22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. 5-қыркүйек барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор.
    Осы атыламыш іс-шараға барлық білім мекемесінің тіл мамандары жоспарлаған жұмыстарын жүргізді. Мереке жексенбі күнімен орайлас келуіне орай барлық жұмыстар 06.09.2021 жылы  күнінен бастау алды.
         Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай  06.09.2021ж-11.09.2021ж күндер аралығында «Тілім – менің тірегім»  атты апталықтың жұмыс жоспарына қарай әрекетке  түсті.
    «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» деп аталған апталықтың ашылуын  8 «Д», 8 «Б» сыныптары жүргізіп белсенділік танытты. Ұйымдастыру жұмыстарын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Салыбекова Бибигул  мен  Әлсейітова Шәрбану жүргізді. Аталмыш іс-шара мектеп-гимназияның мәжіліс залында барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып жасады. Ең бастысы білімалушылардың іс-шараны өткізуге деген қызығушылықтары басым екені байқалды. А.Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің дамуына қосқан еңбектерімен ой бөлісіп, тіл тақырыбында  жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқып, көрерменін тәнті етті. Әсіресе, тіл тақырыбында ұйымдастырылған «Сыныптағы оқушы үні»,  «Достар сырласуы» атты сахналық қойылымдары, патриоттық тақырыптағы әндері, күйлері өте әсерлі шықты.
    Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мәртебесі асқақ болсын! Біздің тәуелсіздігіміздің айғағы - тіл, қайда болсақ та бізді айқындап тұратын - тіл. Тіліміздің мәртебесі - еліміздің мәртебесі, ал тіл мәртебесі халықтың қолында.Тілді қаншалықты бағалап құрметтесек, соншалықты еліміздің еңсесі биік болады."Тілмен мәңгі қазақтың қазақтығы, тілмен мәңгі қазақтың азаттығы" деп айтылған ұранды сөздер әрбір азаматтың жадында сақталсын!.











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив