20
ноябрь
2023
АЛТЫН САҚА" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ
"АЛТЫН САҚА" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ


«Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады.
Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған»
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің, мұғалімдер мен ата – аналардың бірлігін нығайту. Ұлттық мәдени мұраның озық үлгілерінің бірі болып табылатын ұлттық ойындарды өткізуді дәстүрге енгізу және ұлттық ойындарды насихаттау. Өз еліне өз ұлтының құндылықтарына, отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру. Оқушылардың көркем – эстетикалық , рухани – адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу. Ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту,құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу.
[media=][video=|