Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
27
февраль
2024

Психологиялық көмек

16.02.2024ж.
Семинар
Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы
Педагог-психолог 
Арзыкулова Рыскуль Мадуалиевна
Семинардың  тақырыбы 
Жүсіпбек Аймауытовтың психологияға қосқан үлесі
Семинардың  мақсаты 
Жүсіпбек Аймауытовтың мінездің жіктелуіне байланысты кәсіп таңдаудағы бағыт-бағдары
Семинардың  міндеті
Темперамен типіне байланысты мамандық таңдауда қателеспеуін түсіндіру.
Семинардың басы
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу 
Тақырыптың өзектілігі: 
«Жүсiпбек Аймауытұлы психологияға соның ішінде кәсiп таңдауға үлкен үлес қосқан. » 
«Психология – терең ой, терең білім, терең пәлсапаға соғатын пән. Ж.Аймауытов
Жүсiпбек Аймауытұлы психологияға соның ішінде кәсiп таңдауға үлкен үлес қосқан.                      
 Кiсi iштен туғаннан-ақ белгiлi бiр өнерге, қызметке икем болып табылады. Басқаша айтқанда, әр адамда бiр нәрсеге талап, ыңғай, қабiлет яки зеректiк болады. Бiреу бала оқытуға ,бiреу етiк тiгуге бiреу әкiм болуға, бiреу мал бағуға, бiреу әскерлiкке, бiреу жазушылыққа, бiреу дәрiгерлiкке, бiреу саудаға, бiреу сөзге, бiреудауға ыңғайланып жаралады . Өмiрде түк жүмысқа икемi жоқ адам сирекболады. Ең болмаса өтiрiк айтуға зерек болып жаралатындығын айтқан.
Соның ішінде мінездің жіктелуіне байланысты мамандық таңдауға тоқталған.
Холерик - өздеріне сенімді және қайратты ұстайды, оларға өздерінің дәрежесін көрсету өте маңызды. Батыл жігерлі және табанды адамдар. Холерик типіне  бейім мамандықтар - тапсырмаларға бағытталған, басқаруды, қимыл-қозғалысты талап ететін мамандықтар, жеке кәсіптер сай келеді: актерлік, хореография, спорттық , туризмдік, фермерлік мамандықтар. бизнес.         
Сонымен қатар холериктер - кинестетик болып саналады.
                                                                                                                                                                            Сангвиник - Мұндай тип өкілдері -айналадағылардың  арасынан көзге түсуге талпынады, олар мимкаға бай. Сангвиник типіндегі адамдар басқа адамдардың  назары мен құптауын қажет етеді. Сангвиниктер – аудиа
Сангвиник типіне бейім мамандықтар - адамдарға  бағытталған, әртүрлі сату мамандары,бизнес               тренерлер, корреспондент, репортер, өнер адамдары. 
Флегматик - Бұл тип өкілдері- ұстамды. Мәселені шешуге бейім.Бөлшектер мен фактілерді байқауға және талдау қабілетіне ие.Бәрінен қатты олар қателесуден қорқады. Флегматиктер - визуал.
Флегматик типіне бейім мамандықтар - тапсырмаларға бағытталған, Бухгалтерлік, аудит, ақпараттық жүйелер,программалаушы, өңдеуші, сәулет, инженер,стоматология, хирургия
Меланхолик - Бұл тип өкілдері- өздерінқарапайым ұстайды, тәртіп пен жайлылықты жақсы көреді. Сенімді, адамдарға өте мұқият және көңіл қойып қатынас жасайды. Меланхоликтер -аудиал
Меланхолик типіне бейім мамандықтар - адамдарға бағытталған, білім беру, оқыту саласындағы мамандықтар
әкімшілік жұмыстары, кадр бөлімі, клиенттерге қызмет көрсету, қолдау қызметтірі жатады.

https://www.facebook.com/100019821242308/videos/2622039744643805/
























Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив