Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » » Абдикулова Жанат Жанбырбаевна Коучинг "Кәсіпқойлықты дамытуға бағытталған кәсіби бағдар"
06
октябрь
2023

Абдикулова Жанат Жанбырбаевна Коучинг "Кәсіпқойлықты дамытуға бағытталған кәсіби бағдар"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022ж 14-желтоқсанындағы 1004 қаулысы “ Қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025ж арналған кешенді” жоспары бекітілген жұмыстың негізінде Ж Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназиясында 10-сыныптарға арнап Абдикулова Жанат Жанбырбаевна арнайы коучинг жүргізілді. 
Сабақтың тақырбы: “ Кәсіпқойлықты дамытуға бағытталған кәсіби бағдар беру” 

Мектептегі кәсіби бағдар жұмысының мақсаттары: 
Оқушылардың еңбекке деген саналы қатынасын, тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын және өңір мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі шеңберінде кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастыру. 
Оқушыларға кәсіби бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіби мансабын  жоспарлауға қолдау көрсету. 

Кәсіби бағдар жұмысының негізгі міндеттері: 
Оқушыларды оқыту бейіні бойынша бөлу үшін олардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары туралы объективті мәліметтер жинау;    
Элективті курс сабақтары мен тәрбие жұмысында қолданылатын оқытудың кешенді және дәстүрлі емес формалары мен әдістері есебінен бейіндік оқытудың вариативтілігінің кең ауқымын қамтамасыз ету; 
Жұмысқа орналасу қиындығын болжауға оңай болатын кейбір оқушылар топтарына яғни, түзету мектептері мен сынып оқушыларына қолдау көрсету;    
Жоғары сыныптар арасында қосымша және кәсіби білім беру мекемелерімен, өңірлік кәсіпорындармен ынтымақтастықтың икемді жүйесін әзірлеу;     
Ата-аналарды мектеп оқушыларының бойында өмірдің әртүрлі салаларына деген өмірлік қызығушылықтарын кеңейту, басым қызығушылықтарын қалыптастыру мен кәсіби бағдар беру жұмысына жұмылдыру;                                                    Өңірлік еңбек нарығында жоғары қажеттілікке ие мамандықтарды насихаттау үшін кәсіби бағдар және еңбек нарығы саласындағы ұйымдарымен ынтымақтастықта болады.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады.Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмысорнын жиі өзгертуге себепші болады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатындаоқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив