28
май
2022
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен салтанатты жиында
Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен қала мектептері арасында 9-11 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың 4-ші кезеңіне №64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназиядан 11 сынып оқушысы Әбдіханова Әсел қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, 9 сынып оқушысы Серікхан Нарбек биология пәнінен олимпиаданың 4-ші (қорытынды) кезеңіне жолдама алды. Бүгін Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен салтанатты жиында 11 сынып оқушысы Әбдіханова Әсел, пән мұғалімі Қожамұратова Орынкүл, 9 сынып оқушысы Серікхан Нарбек, пән мұғалімі Қарынбаева Айжамал марапатталды. Мектебіміздің мақтанышы болған оқушыларымызға айтарымыз: «Сіздер бүгінгі жас-ертеңгі елдің тізгінін мықты ұстар, ел болашағы, келешек келбетісіздер! Олимпиаданың қорытынды кезеңінде де жақсы жетістіктерге жетеді деп сенеміз!