21
январь
2021
Құрметті Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп оқушылары мен ата - аналары!

Қазіргі таңда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында мектеп-гимназия өз жұмысын 6-сәуірден бастап төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастағалы отыр.Оқушылардың сапалы білім алуы үшін каникул кезінде ұстаздар тарапынан көптеген жұмыстар жасалынуда. Ұстаздарымыздың біліктілігі, білімділігімен қатар цифрлық құзіреттілігі сынға түскен шақта мұғалімдеріміз өз мүмкіндіктерін пайдаланып, онлайн-сабақтарға дайындық жұмыстарын жүргізіп отыр.Бірақ бұл шаруаның оңай емес екендігі бәрімізге белгілі. Пандемия кезінде оқытуды ұйымдастыруда көршілес елдердің енгізген тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік стандарт талаптарына,оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған сабақтар дайындалуда. Құрметті ата-аналар! Осы жұмысты ұйымдастыруда, әдіс-тәсілі мен қағидасы бөлек қашықтықтан оқытудағы берілген материалдарды балаларымыздың игеруіне,ұстаз бен баланың байланысын нығайтуда Сіздердің қолдауларыңыз қажет. Бірлесіп жұмыс жасағанда ғана оқу үдерісі дұрыс ұйымдастырылып, нәтижелі жұмыс барысында оқушылар қажетті білімді ала алады.Сабақ қалай жүреді? Сабақ кестесі қандай болмақ? Қалай бағаланады?Әрине сұрақ көп. Ұстаздар сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.Баланың дамуы мен қалыптасуы үшін жасалынып жатқан ауқымды жұмысқа түсіністікпен, жауапкершілікпен қарайды деген сенімдеміз.
Сонымен қатар 6-сәуірден бастап "Балапан" және "Ел- Арна" телеарналарында аптасына бес күн 1-11 сынып оқушыларына сабақтар өткізіледі, қазір осы сабақтардың түсірілімі жүргізілуде. Сабақтарды Нұр-Сұлтан қаласының,Назарбаев зияткерлік мектептерінің, халықаралық, республикалық және жеке мектептердің үздік ұстаздары жүргізетін болады.
Барлық ұстаздардың жұмыстарына сәттілік тілейміз!