10
октябрь
2023
5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті
Ж. Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда ағымдағы жылдың қыркүйектің 29-ынде 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға 5 сыныптардан 20, 6 сыныптардан 22 оқушы қатысты. 1-2 орын алған 6 оқушы олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алды. Олар: 5 сынып оқушыларынан 1-орын иеленген Нұрбай Ахмад, Қуаныш Дастан, 2-орын алған Бақытбек Еңлік, 6 сынып оқушыларынан 1орын алған Сейлхан Көркем, Бибатыров Біржан, 2 орын алған Шырынбек Нурислам. Олимпиаданың аудандық кезеңіне баратын оқушыларымызға табыс тілейміз!


