01
февраль
2024
4-зерттеу тобының кезекті сабағы 30.01.24 жылы 6"Ә" сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен өтті. Пән мұғалімі Кошанова Ж.
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда орта буын сыныптарында құрылған 4-зерттеу тобының кезекті сабағы 30.01.24 жылы 6"Ә" сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен өтті. Пән мұғалімі Кошанова Ж. Сабақтың тақырыбы: "С.Мұратбеков "Жусан иісі" повесінің тақырыбы мен идеясы". Зерттеу тобының мүшелері А,В,С тобындағы оқушылардың сабаққа қатысуын зерттеп,жұмыстар жүргізді. Сабақ барысында жеке, жұптық жұмыстар жасалды. "Конверттегі сұрақ", "Серпілген сұрақтар", "Хикая пирамидасы" әдістері қолданылды. Ресурстар: Интерактивті тақта, оқулық, смайлик, жұптық жұмысқа арналған стикерлер. Оқушылардың сабаққа қатысуы, қызығушылығы жақсы. А,В тобындағы оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындап отырды. С тобындағы оқушыларға қосымша тапсырмалар берілді. Дәптермен жұмыс жасалынды. "Төрт сөйлем" тәсілі арқылы ой-пікірлерімен бөлісті. Кері байланыс жасалды. Үй тапсырмасы берілді.


