23
февраль
2024
12.02.2024 жылы 5"Г" сыныбында 6-шы сабақ"Әуе көліктері"тақырыбында сабақ өтілді.Пән мұғалімі Н.Нұрмаханова
Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназияда орта буын сыныптарында құрылған зерттеу тобының жұмыс жоспарына сәйкес 12.02.2024 жылы 5"Г" сыныбында 6-шы сабақ"Әуе көліктері"тақырыбында сабақ өтілді.Пән мұғалімі Н.Нұрмаханова. Сабақ оқушыларға "Жақсы тілек- жылы жүрек" жағымды психологиялық ахуал орната отырып басталды. "Қатардағы артық сөзді тап" кестесі толтырылады." Ұшақ қалай пайда болды?" оқылым тапсырмасымен жұмыс жасалды. "Сәлемдеме" әдісі бойынша ережерді сұрады. Жол, бағдаршам АКТ бойынша слайд арқылы сын есім туралы және күшейтпелі шырай ережелері мысал келтіре отырып түсіндірілді. Оқушыларды жеке-жеке тақтаға шығарып, слайд бойынша сөйледі. Дәлел келтірілді. Оқылым тапсырмаларында диалог әдісі және кесте толтыру арқылы мәтіндермен күшейтпелі шырайды таба отырып, дәптермен жұмыс жасалды. Зерттеу тобы сабақ барысында А В С оқушылардың сабаққа қатысы мен ынтасын бақылап " Екі жұлдыз, бір тілек"әдісімен кері байланыс алынды. АКТ, суреттер қолданылды.



