Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
10
октябрь
2022

Ізгіліктану кафедрасының жұмыстары

Ұлттық тәрбие - ұлт қазынасы" тақырыбында Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған қалалық іс-шара өтті. Тарих және құқық пәнінің мұғалімі Абдикулова Жанат Жанбырбаевна “ Қылмыстық жауапкершілік” тақырыбында  9 “Ә” сыныбына ақпараттық сабақ өтті. 
Мақсаты: Қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа 
толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын   
жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар 
туралы толық түсіндіру . Ақпараттық сабақта оқушылармен жұмыстың барлық түрі қамтылды. Оқушылар өздерінің белсенділігімен дарындылықтарын рольдік ойындарға кіре отырып ортаға паш етті. 
Қамтылған мәселер бойынша айта кететін болсақ: 
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 ке толған , бірақ  18ге толмаған адамдар танылады (78 бап)
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері – 79 бап
• Айыппұл :
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту ;
• Түзеу жұмыстары ;
• Бас бостандығын шектеу ;
• Бас бостандығынан айыру ;
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады
 Азамат 14 жастан бастап қылмыстың - кісі өлтіру (96 – бап)
• Денсаулығына зиян келтіру – 103 бап
• Әйел зорлау – 120 бап
• Тонау – 175 бап
• Ұрлық – 178 бап
• Бұзақылықтың ауыр түрін жасау - 179 бап
• Мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою – 187 бап
• Қаруды, әскери оқ- дәріні ұстау – 255 бап
• Адам ұрлау – 125 бап
• Терроризм – 233 бап
• Аманаттыққа тұтқындау – 234 бап
• Уландырғыш заттарды ұрлау – 260 бап  т.б.   түрлері үшін жауапқа тартылады
Қажетті қорғану дегеніміз – қылмыскердің қауіпті әрекетінен оның шектіре отырып қорғануды айтамыз . 
Жаза түрлері  : 
• Айып салу
• Құқықтан айыру 
• Қоғамдық жұмысқа тарту
• Еңбекпен түзету жұмысы 
• Бас бостандығын шектеу 
• Тұтқындау 
• Әскери тәртіп бөлімінде ұстау
• Бас бостандығынан айыру 
• Сотталушының мүлкін тәркілеу 
• Өлім жазасы
ҚР Қылмыстық Кодексінің - 49 бабы :
1. Өлім  жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін ,сондайақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында  мемлекеттік сатқындық ,бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны  үшін ғана ең  ауыр  жаза ретінде  қолданылуы  мүмкін.
2. Өлім жазасы  әйелдерге , 18 – толмай  қылмыс жасаған   адамдарға және сот  үкім  шығарған  сәтте 65 – жасқа толған  ер  адамдарға тағайындалмайды
3. Кешірім  жасау  тәртібімен  өлім  жазасы жазаны  ерекше  режімдегі түзеу  колониясында өтеу  арқылы өмір  бойы   бас  бостандығынан  айыру  мен  немесе  25 – жылға  бас   бостандығынан  айырумен ауыстырылуы  мүмкін. Өлім  жазасына үкім  шығарылған адамның   ҚР Президентіне   өтініш  жасап   кешірім   сұрауға  құқығы  бар.ҚР  Президенті   азаматтарға   кешірім    жасауға   құқылы.Кешірім   жасау  тәртібімен   өлім  жазасы  жазаны  ерекше  режимдегі  түзеу  колониясында  өтеу  арқылы  өмір  бойы  бас  бостандығынан  айырумен   немесе 25-жылға  бас бостандығынан  айырумен  ауыстырылуы  мүмкін ҚР Қылмыстық Кодексінде қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар :
• Кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса 
• Адам қылмысқа отбасы ауырлығы жағдайында, тағдыр басқа салған тауқымет салдарынан барса 
• Қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен – қорқытуынан, материалдық жағынан тәуелді етуінен жасалса 
• Қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса ҚР Қылмыстық Кодексінде қажетіне қарай қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайларда қарастырылған :
• Қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса 
• Қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса 
• Қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса
• Қылмысқа балалар немесе психикалық кемтар адамдар тартылса 
• Қылмыс ерекше қатігездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса 
• Қылмыс кәсіби АНТын бұза отырып жасалса
• Қылмыс киім формасын немесе өкілеттілікті куәландыратын құжатты пайдалана отырып жасаса
Ақпараттық сабаққа 14- мұғалім қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтілді деп кері байланыс беріп кетті.
#64 мектеп 30жыл#
# Күшіміз бірлікте#
Тәрбие 
Құқықтық оқу
Қылмыстық жауапкершілік












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив