Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
10
октябрь
2022

Ізгіліктану кафедрасының жұмыстары

Оқушылар өз өздерін бағалағанда өздеріне деген сенімділік пайда болары сөзсіз. Сабағымыз “ Қылмыстық жауапкершілік” болғандықтан әскери шен арқылы бағалау мен үшін де оқушылар үшін де тиімді тұстары көп болды. Бір жағы өздерін жеке тұлға ретінде қалыптастырса, бір жағынан білім жағынан да толықтырылды. Яғни әскери шеннің қызметі, әрбір жұлдызшаның лауазымы, оның өзі үлкен ілім.
Өзін-өзі бағалау жеке тұлға ретінде жеке өз әрекеттеріне жататын құбылыс болып табылады, ол үш негізгі функцияларды орындайды: реттеу, дамыту және қорғау. Реттеу функциясы жеке шешімдер қабылдау үшін жауап береді, қорғаныс функциясы жеке тұрақтылық пен тәуелсіздікті қамтамасыз етеді, ал даму функциясы – адамның жеке дамуына бағыттайтын жүгіріс механизмі. Стрежневтің өзін-өзі бағалау критериі – субъектілердің мағынасы мен мағынасы емес жүйелер. Өзін-өзі бағалаудың жеткілікті немесе жоғары бағаланатын деңгейін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Тағы бір айтайын деген жайт, оқушыларымызға өз шендеріңізді дайындаңыздар дегенімде, бірден қыз балаларымыз ұлдарға жұлдызшаларды таға бастады. Отбасынан алған тәрбие біліммен ұштасқанда үлкен бір мағынаға ие болғандай көрініс берді. Бұл да болса ұлттық құндылығымыздың жоғалтпай ұрпақтарымыздың бойынан табылып жатқан рухани байлық деп түсіндім. 
#64 мектеп-30жыл#
#өзін-өзі бағалау#
#рухани құндылық#
#рухани байлық#
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив