Дөңгелек үстел тақырыбы: Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сенімді қарым - қатынас.
Дөңгелек үстел тақырыбы: Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сенімді қарым- қатынас
Психологиялық ахуал орнату «Тілек шамы» әдісі арқылы
Қазір өзімізді қысылмай еркін сезінуіміз үшін «қызықты шеңбер» жасаймыз.
Бәріміз шеңбер құрып тұрайық. Шеңбер бойымен тілек шамды бір-бірімізге беру арқылы өз жылы лебіздерімізді білдіріңіздер. Рахмет.
Мақсаты:
- Мұғалімдер мен оқушылар арасында жағымды психологиялық қатынас тудыру;
- Мұғалімдер мен оқушылардың өзара сыйластыққа, сүйіспеншілік пен мейірімділікті сезініп, қарым- қатынас жасауына көмектесу;
- Педагогикалық ұжымда жағымды әлеуметтік- психологиялық ахуал қалыптастыру.
Барысы:
Сұрақ –Ұстаз бен шәкірттің арасындағы сенімді қарым –қатынасының бастауы не деп ойлайсыңдар?
Видео «Мұғалім мен оқушы арасындағы ситуация»
«Менің пікірім...»
Осы видео бойынша ұстаздар мен оқушылар өз ойларын ортаға салады.
- Ұстаз бен шәкірттің арсында сенімді қарым- қатынас бар ма?
- Ұлағатты ұстаз деп кімдерді айтар едің?
- Инабатты шәкірттеріңіз бар ма?
- Инабаттылық тәрбиеден бе, әлде туа біткен қасиет пе?
Психологиялық тренинг «Стакан пирамидасы», «Стакандағы су»
«Суреттегі ой»
Қатысушыларға сурет салынған үлестірмелер беріледі. Бұдан не көріп тұрмыз? Суреттер бойынша өз ойларын, не түсінгендерін айтып ортаға салады.
- тапсырма. Ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
Мұғалімдер: «Ортасында қара нүктесі бар, ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата- анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады...»
- тапсырма. Жарқын шуағын төккен күн астында әр ұлттың баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Мұғалімдер: «Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді... »
- тапсырма. Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.
Оқушылар: «Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда бізге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәмыз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік...»
- тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
Оқушылар: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар, ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Ол – мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапершілікпен дайындалып келеді...»
«Еңбек ағашы». Қазір сіздерге үш түрлі қағаз қиындылары таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып, әрқайсысн өз орнына ілесіздер.
- Бұталарға – мұғалім қандай болу керек?
- Жапырақтар – мұғалімнің түпкі мақсат- мұраты.
- Гүлдер – мұғалім еңбегінің нәтижесі.
- Жемістер – шәкірт қандай болуы керек?
Міне, сіздер «еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы емес пе?
Сабақты аяқтау жұмысы.









