11
декабрь
2021
7”В”сынып оқушыларына психокоррекциялық тренинг жүргізілді
7”В”сынып оқушыларына психокоррекциялық тренинг жүргізілді.
Тақырыбы: «Бір-бірімізге жақсы көңіл -күй сыйлай білейік»
Мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсарту, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру.
Әдіс — тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ — жауап, ойын, тренинг, жаттығулар.
Тренингтің ережесі:
• Ойымызды ашық айтамыз;
• Бір-бірімізді тыңдаймыз;
• Бір-бірлеп сөйлейміз;
Жаттығу 1.
«Тілектер шоғы»
Әр қатысушы бір - біріне жылы және ізгі тілектер айту керек.
Жаттығу 2.
“ Менің есімім”
Өздерінің есімдерін қасына сын есімді косып айтып шығуы керек. Мысалы: Менің есімім- Сара. Салмақтымын.
Жаттығу 3.
“Досымның ұнайтын қасиеті”
Әркім өзінің досының ұнайтын бір қастиетін айтып өтеді.
Жаттығу 4.
« Атомдар мен молекулалар »
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .
5.Сергіту сәті:
“ Мен жақсы баламын”,
”Қабырға, еден, жұдырық”
оқушылардың көңіл-күйін
және есте сақтауын дамытуға
арналған психологиялық
жаттығулар жүргізілді.
6.Рефлекссия:
Тренингтен кім қандай әсер алғандарымен бөлісті.
Кері байланыс жүргізілді.