23
апрель
2024
“Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар” тақырыбында ғылыми практикалық конференция
29.03.2024 жылы Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназияда “Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар” тақырыбында ғылыми практикалық конференция болып өтті. Осы конференцияда математика пәнінің мұғалімі Жақыпбекова Ажар “Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тапсырмалары” тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп баяндама жасады. Баяндама математика пәнінін оқытудағы бүгінгі таңда өзекті мәселе: оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуын қалыптастыру, яғни функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Баяндама құнды деп табылды.




