Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » » «Педагогтерге арналған ұжымдық мәдениет» тақырыбында танымдық сағатты өтілді
18
ноябрь
2022

«Педагогтерге арналған ұжымдық мәдениет» тақырыбында танымдық сағатты өтілді

 Қоғамдық өмірде көрініс тапқан сан-салалы сапалық өзгерістер, жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен қарауға итермелеуде. Өйткені, оқушыларға берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі мен үлгі-өнегесі арқылы қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу педагог мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында шағын топтар да, әрі жалпы ұжымдық ортада «Педагогтерге арналған ұжымдық мәдениет» тақырыбында танымдық сағатты ағылшын тілі пәні мұғалімі Матова Шынар жүргізді. Жалпы танымдық сағатта мұғалімдердің қоғам алдында ұрпақ тәрбиелеу жолында үлкен жауапкершіліктің бар екені тағы да сөз етілді. Әрі педагогтердің ұжымдық орта мәдениетінің деңгейін одан әрі жандандыру арқылы кәсіби әлеуетін дамытуға септігін тигізеді, ынтымақтастық ортаны нығайтады. Тақырып аясында ұстаздар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді, ортақ тұжырымға келді, керемет диалогтық алаң орнады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив