Жылдық есеп
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық
0 « Б» сыныбының мұғалім Жантөреева Тұрсынай Сапарбекқызы.
1-қыркүйек Білім күн алғаш сабаққа келіп, партаға отырды.
Тақырыбы: «Ұстаз-мектептің жүрегі» атты сабақ өттім.
Тақтаға мамандықтардың суреттерін іліп, сендердер білім білім алып, өскенде өздерің ұнатқан мамандық иегері болатынын айттым.
Тақырыбы : Берекелі Алтын күз! Мақсаты : Балаларды айналамен таныстыру.«Нан қайдан келді» ертегісінен сауат ашу мен қарапайым математика, көркем әдебиет сабақтарымен байланыстыра отырып оқу қызметіне – деген қызығушылығын арттыру. Ел байлығы дастарханға бидайдан нан болып қалай келетінін сахналау арқылы, үлкендердің еңбегін бағалай білуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ертегі бойынша тапсырмаларды шешіп және жаңа ертегілер ойлап шығару. Тапсырмаларды дұрыс орындап, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды болуға тәрбиелеу .
Тақырыбы: Республика күніне орай «Ән шырқайық бәріміз» атты челлендж.
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау. Отан әнін жаттатып, әнін әндетіп айту. Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты тәрбие сабағын өттімМақсатым: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Бастауыш апталығының 10 күндігіне орай.
Тақырыбы: « Қосу және азайту амалдарын үйренемін»
Мақсаты: Бағдаршам әдісі арқылы геометриялық пішіндермен жүру арқылы, бағдаршамдағы сұрақтар арқылы қосу және азайту амалдарын « +», « -» «=» таңбаларымен таныстыру және сұрақтарға жауап беру арқылы балаларға түсіну. Ұлттық құндылықтарымыз дәріптеу арқылы қарапайым есептерді шығара отырып, ойлау және жазу дағдыларын қалыптастыру. Еліміздегі мерекелердің ерекшіліктерін түсіндіре отырып, өз салт-дәстүрімізді ұмытпай күнделікті өмірімізде қолдана білуге дағдыландыру.
«Ана өмірдің гүлі»
Мақсаты : Балаларға 8 – наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып , аналарын ешқашан ренжітпеуге , қолғанат болуға , әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу . Мерекелік көңіл – күй сыйлау .
Тәрбие сағаты: «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз»
Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Ұлыстың ұлы күні екенін ашып көрсету.
Тақырыбы : « Бейбіт күн жасасын әлемде»
Мақсаты : Балаларды адамгершілікке, Отаннын сүюге , оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру , оларға патриотты тәрбие бере отырып , өз елін , жерін қастерлейтін санал ы да парасатты елжанды – ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Бауыржан мен Рахымжан аталарымыз бен Әлия мен Мәншүк аталарымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу.