Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
05
декабрь
2022

4 Д сынып оқушылары

Мектебімізде әріптесім Ақбаева Алмагулдің жетекшілішімен Тоғыз-құмалақ үйірмесіне 4 "Д" сыныбынан бірнеше оқушылар қатысады. Аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері болады.
  Тоғыз-құмалақ - қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.
Қазір көптеген елдерде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып қана қоймай, елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы - 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға
бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны - бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны - қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін - ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив