28
май
2022
Балалар жылына" орай мектеп- гимназияда 9-10 сынып оқушыларынан құрылған шаңырақтар арасында спорттың 6 түрінен сайыс болып өтті.
7- мамыр - Отанқорғаушылар күні, 9- мамыр Жеңіс күні мерекесіне және "Балалар жылына" орай мектеп- гимназияда 9-10 сынып оқушыларынан құрылған шаңырақтар арасында спорттың 6 түрінен сайыс болып өтті. Мектеп- гимназия оқушылары " Тауке хан", "Кенесары хан", "Керей хан", "Қасым хан" және "Абылай хан" атты шаңырақтарға бірікті. Спорттың қол күрес, ұзындыққа секіру, секірмекпен секіру, кір тасын кқиеру, хоккей таяғымен фишканы және допты алып жүру бойынша мықтылар сынға түсті.Тартысты өткен сында "Керей хан" шаңырағы I орын, ІІ орынды "Кенесары хан" мен "Тауке хан" шаңырағы иеленсе, ІІІ орынды "Қасым хан" мен "Абылай хан" шаңырағы бөлісті. "Үздік ұйымдастырушы" номинациясына 9г сынып оқушылары ие болса, "Болашақ спорт жұлдызы" 10 г сынып оқушысы Нүрпейіс Иманғали, "Жеңіске деген құштарлық" номинациясына 9 в сынып оқушысы Могомедов Асланбек ие болды. Қатысқан барша ұстаздарымыз бен оқушыларымызға алғыс айтамыз. Мереке құтты болсын! #64тәрбие #64балаларжылы_2022 #64спорттықүйірме