Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
01
апрель
2023

"Әз Наурыз" қарсаңында "Қырқынан шығару" рәсімі.

"Әз Наурыз" қарсаңындағы іс шарада "Қырқынан шығару" рәсімі.

Баланы қырқынан не үшін шығарады?. Қырық күн ана үшін де бала үшін де қауіпті күн болып саналады.

Мысалы қырқынан шықпаған баланың білегін ұстап көрсең, еті бөлек,терісі бөлек жүреді. Қырық күнде ғана баланың еті мен сүйегі бірігеді. 

Яғни сәбиді қырқынан шығару деген –  ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет.

Мысалы адам қайтыс болғанда  қырқын береді ғой, өйткені ет пен сүйегі ажырайды. Соған біз құдайы береміз.                                                                  Босанған ананы 40 күн бойы  қалжалап, суық сумен жуынбай, мұздай су ішпей, салқын тигіздірмей  күту керек. Ананың жағдайы сау болмаса баланың да жағдайы онша болмайды. Сондықтан босанған ананың  белі 40 күнде қалпына келеді,  40 күнде толық қол-аяғын бауырына алады. Қырық күнге дейін баланы сыртқа шығармай, тіл-көзден сақтаған, бөтен көзге  көрсете бермеген, яғни ана үшін де, бала үшін де қырық күн – қауіпті кезең.  Жаңа туған баланың мойны 40 күнде бекиді, еңбегі 40 күнде қатаяды.     40 күнде бала толық қара құлақтанады. Бала туған үйге түнде таң атқанша 40 күн шырақ жағып қояды. Ол бір жағы қауіп-қатерден сақтаса, енді бір жағы өмір бойы жарығы сөнбесін деген ырым. Оттай маздап өссін деген жақсы ырымы.  Сәбиді қырық күн бойы тұзды, сабынды немесе маралшөп салынған суға алма-кезек шомылдырып отырады. Қырқынан шықпаған бөпені көруге үлкендер де талпынбаған.   


Сол сияқты қырқынан шықпаған баланың көзіне қарасаң көзі  тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз болып тұрады.      Ал қалай қырқынан шығады,  солай жарыққа қарап, екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарап,  Дыбысқа елеңдей бастайды Әдетте ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), 1-2 күн ерте шығарады былжыр болмасын деп. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте істеледі. Ұлбаланы ерте жетіледі, жылдам өседі деген түсінікпен 40 күн толмай жатып қырқынан шығарған. Қыз баланы ерте шығармайды. Қыз бала, жеңілтек болып кетпесін, байсалды, ибалы да инабатты,   болсын және қалың малы көп болсын деп міндетті түрде 40 күн толғаннан кейін қырқынан шығарған. Бала мазасызданып жылағанда, дұрыс ұйықтамағанда әжелеріміз «бала қырқын күтіп жүр» деп жатады. Шынында да, құдайдың құдіретіне шек жоқ, жаңағыдай мазасыз жылаңқы баланы барлық жөн-жоралғысымен қырқынан шығарса, жылауы тоқтап, тынышталатын болған. 

Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды.   Қазақ ұғымында күміс – адалдықтың, тазалықтың белгісі,       алтын сәндік үшін, күміс емдік үшін деген керемет сөз бар. күміс салыпған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды. Осы ыдысқа қонаққа келген әр әйел суды ыдысқа құяр бұрын дауыстап үш жақсы тілек айтады. Мысалы, "Өмірлі бол", "Өнерлі бол", "Өркенді бол" деген тәрізді тар ағаш қасықпен   нәрестеге арнап 40 тілектер   айтылып су құйылады


  БисмиләәҺ Рахмани рахим....   менің қолым емес Би Фатиманың қолымен       Дайын суды нәрестенің басынан бастап су құйыла бастайды.

 Басыңа бақ қонсын!

Маңдайың ашық жарқырап тұрсын!

Көзің қырақты болсын!

Құлағың сақ болсын!

Аузың оймақтай болсын!

Мұрны түймедей!

Тілі тілмаш шешен болсын!                                                                       

«30 омыртқаң жылдам бекісін!

 40 қабырғаң жылдам қатсын!», 

 «Күнің күмістей жарқырасын» деп ақ тілектерді айтып отырады..

Су баланың барлық денесіне жұғуы керек. Толық жуылмаса, кейін балаға шілде қотыр шыққыш болып қалады.

Болған сон нәрестені таза жаялыққа жаткызып  Баланың сүт тырнағын  аздап ырымдап алғаннан соң адам баспайтын жерге немересі ұрпағы көп болсын деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды. 

Қарын шашын алған соң  шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп баланың оң иығына немесе бесігіне қадап қояды. Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық-шашық жерге тастамайды
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив