27
октябрь
2023
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУ - ҰЛАҒАТТЫ ІС







Еліміздің тәрбие, білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысынан өтуде. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Осындай шәкірттерді тәрбиелеуде, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 1-11сыныптар арасында мектеп-гимназияда- ішкі тәртіп ережесіне әр жұма "Тақия күні", "Шашбау тағу күні" болып бекітілді.