22
октябрь
2023
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУ - ҰЛАҒАТТЫ ІС
Ұлттық қазына!
Ұлттық байлық!
Белгілі бір ұлттың ғасырлар қойнауынан бермен қалыптасатын рухани қазынасы,рухани байлығы.
Оған не жатады?
Ол сол ұлттың ең әуелгісінен бастап бүкіл салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы,ойын-сауығы,наным-сенімі,өнері,әдебиеті,киімі,ән-күйі т.б.
Міне,қияметтің қыл көпіріндей дерлік талай сұрапылға толы тар кезеңдерден өтсе де осынау ұлттық қазынасын былғамай бүлдірмей саф күйінде сақтаған ұлт жер бетіндегі ең батыр,ең ержүрек,ең намысқор,ең саналы ұлт.
Қысқасы,ең ұлы ұлт!







