16
ноябрь
2021
“ Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік” тақырыбында Омарбаев Бектұрсын Ақбердіұлы теолог 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Бүгін 28.10.2001ж Шымкент қаласының дін істер басқармасы мемлекеттік мекемесі және “Күрең Тұлпар” Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және дінтанушылардың қатысуымен “ Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік” тақырыбында Омарбаев Бектұрсын Ақбердіұлы теолог 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Діни экстермизм – қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы «идеяны» аггресивті түрде насихаттау.
Кездесу сағатында оқушылар мемлекеттік заңнамалық актілермен таныс болды: ҚР Конституциясы, «Экстермизмге қарсы іс – әркеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламасы, «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары, сонымен қатар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490 бабы, 1 және 3 бабы. Діни экстремизм тақырыбы қазіргі таңда өте белсенді айтылуда, ол өтпелі кезеңде бекерге зерттелген жоқ. Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен же таныс болуы керек. Қоғамдағы керағар жат діндерден өздерін аулақ ұстауға, мектеп этикасын сақтауға үйретті. Сабақ өте қызықты өтті. Оқушылар өздерінің ойларында жүрген түрлі сұрақтарға жауап алды.