01
июнь
2021
Құрметті ата-аналар, бітіруші түлектер!
Құрметті ата-аналар, бітіруші түлектер!
Шымкент қаласы білім басқармасының 17.05.2021ж. N10-06-03/3748 хатына сәйкес "Соңғы қоңырау" іс шарасы дәстүрлі түрде 25 мамырда икемді кесте бойынша өткізіледі. Биылғы санитарлық- эпидемиологиялық жағдайға байланысты салтанатты іс- шара ашық алаңда карантиндік талаптарды сақтай отырып өтуі тиіс. Мектеп бітіру кешін мектептен тыс мекемеде атап өтуге, оқушыларға жалдамалы үйлерде, кафе, мейрамханаларда отырыс өткізуіне, автошеруге шығуына және шара барысында дастархан жасауға рұқсат етілмейді.
Мектепке естелікке, ұстаздарға сыйлық алуға оқушылар мен ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынатынын ескертеміз.
Біз үшін оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі өте маңызды!
Мектеп-гимназия директоры Сандыбаева Гульхан Тұрсыметқызы