20
январь
2021
"Қылмыссыз балалық шақ"
Ж. Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназияда "Қылмыссыз балалық шақ" айлығы аясында мектептің психологы Р.Арзыкулованың және әлеуметтік педагог Ә.Қаражанованың ұйымдастыруымен "Балаға қуаныш сыйла" тренингі болып өтті. Тренингте баланың бір- біріне деген қарым- қатынасын реттеу мақсатында "Жіптік байланыс" әдісі қолданылды. Балаларға дұрыс тамақтану туралы ақпарат ұсынылып, олардан кері байланыс алынды. Шын мәнінде бастауыш сынып бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлаған тренинг үшін сіздерге үлкен рахмет! 











