01
июнь
2021
Ұлыстың Ұлы күні
Құрметті 64 мектеп-гимназия ұжымы, ата-аналар және оқушылар!Сіздерді түркі халықтарының жаңа жылымен құттықтаймын. Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесі құтты болсын! Әз-Наурыз халқымызда жаңа жылдың бастауын, табиғат ананың қайта жаңғыруын білдіреді. Көктемнің осынау ғажайып мерекесі ежелден ырыс пен берекенің, молшылық пен жаңашылдықтың жаршысы саналған. Ұлыстың Ұлы күні - көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын, ортамызға берекесі мен бірлігін, елімізге ырысы мен ынтымағын, тыныштығы мен жақсылығын әкелетін күн! Елімізге тыныштық пен бейбіт өмір, ата-ана, перзенттеріміз, туған-туыс, бауырларымыз бен жақындарымыз айдан-аман, жылдан түгел Наурыздан Наурызға жете беруіне тілектеспін.
Құрметпен мектеп-гимназия директоры Гульхан Тұрсыметқызы Сандыбаева