01
июнь
2021
7- мамыр Отан қорғаушылар күні
Құрметті Тәуелсіз еліміздің ардақты да, айбынды азаматтары! Ел тыныштығын күзеткен қырағы сарбаздар мен ұстаздық жолын таңдап, болашақтың бойына қайрат пен намыс, ар мен адамгершіліктің нәрін егуші ерлер қауымы. Сіздерді 7- мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.Сіздер адамзат алдындағы ауыр да, абыройлы қызметтеріңізді адал атқарып, әр отбасының тірегі , ұжымда сенімді әріптес бола білдіңіздер. Қай кезде де көмек қолын созып, ерге тән қасиеттеріңізбен қоғамдық жұмыстарда белсенділік таныттыңыздар. Сіздер марапат пен алғысқа әбден лайықсыздар. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт пен бейбіт ғұмыр тілейміз.
64 мектеп - гимназия директоры Гульхан Тұрсыметқызы