21
январь
2021
9 - мамыр, Жеңіс күні!
Таңғы тілек. 9-мамыр Жеңіс күні таңертең алғашқы құттықтау өлеңдері Ж.Аймауытов атындағы N64 мектеп - гимназияның 1"А" сынып оқушысы Сейтжапбар Айбикеден келіп жетті. 6 жасар балапанымыз қашықтықтан оқыту басталғалы анасы Айнұрдың көмегімен барлық сабақтар мен қосымша іс-шараларға белсенді қатысып отырды.Тыл ардагерімен тілдесуді бастап, тілегін айтқан кішкентай патриот қыз да осы. Айбике қызымыз қазақтың қос шынары Әлия мен Мәншүк апасындай батыл, жігерлі болып, бейбіт елдің батыр қызы боларына сеніміміз зор. Анасы Тулегенова Айнур өз баласын ғана емес, басқа да бүлдіршіндердің сабағына көмектесіп отырған ең белсенді ата-ана. Баланы тәрбиелеу жолындағы барлық жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!Айбикенің алар асулары мол болсын!









