Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » 13.10.2023ж 5-11 сынып қыздарымен Сымбат ұйымының «Қызды қырық үйден тыю» тақырыбында жиналысы болып өтті.
17
май
2024

13.10.2023ж 5-11 сынып қыздарымен Сымбат ұйымының «Қызды қырық үйден тыю» тақырыбында жиналысы болып өтті.

13.10.2023ж 5-11 сынып қыздарымен Сымбат ұйымының «Қызды қырық үйден тыю» тақырыбында  жиналысы болып өтті. 
Қыз тәрбиесіне жалпы қатал болуымыз керек. Өйткені болашақ ана атағына ие қыздар тәрбиесі нәзіктікпен қоса қаталдықты талап ететін өзекті мәселе. Ата-бабамыз қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың дұрыс жағдайда тәрбие алып, болашақта ата-анасының бетіне салық түсірмеуін қадағалаған.
 «Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт-дәстүрінде тәрбиелік ұғым, ұстанымды атайды. Жарыса сөйлеуге; жалғыз қыдыруға; жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; орынсыз ұрынуға; басқаларға қол тигізуге; өтірік; өсекке; суық жүріс; сумаң қылыққа; кісіге қарай керіліп есінеуге; талтайып отыруға; шалқайып жатуға; тамақты обырлана асауға; ұрлық-қарлыққа; ұятты мүшелерін ашып жүруге; бұраңдап қылымсуға; қызыл іңірде жатуға; түске дейін ұйықтауға; кісі алдында киім ауыстыруға; салт-дәстүрден аттауға; елді ғайбаттауға; үлкендердің жолын кесіп; атын атауға; ішімдік ішу пен шылым шегуге; ұрыс-керіске; беттен алып, бет жыртысуға; қараулыққа, ысырапқа; рахымсыздық пен қатыгездікке; түнде суға жалғыз баруға; жат жыныстылармен араласып жатуға; күйеуге қашып тиюге; әдепсіз сөзге; тарс-тұрс етуге; адам мен жануарларды тебуге; кісіні қорлап жәбірлеуге; тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға; айқай-сүреңге; шектен тыс сыланып жасануға; қызғаншақтық пен күншілдікке; менмендік пен өзімшілдікке; алдап-арбауға; көрсеқызарлыққа; нәпсі құмарлыққа тыйым. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив