04
январь
2024
8-9 сыныптар арасында шеберлік сабағы өтті.
Қазақстан Республикасында әрбір отбасы ата-аналары өз балаларымен қарым-қатынасты жақсарту, балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналар қауымдастығында психологиялық- педагогикалық білім дағдыларын қанағаттандыру, жұртшылық өкілдерінің жұмыстарын біріктіру, шоғырландыру мақсатында 2023-2024 оқу жылында 22.12 күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының бағдарламасы жұмыс жасалынып педагогикалық қолдау мақсатында мектепте 8-9 сыныптар арасында шеберлік сабағы өтті.
Тақырыбы: "Сен жанбасаң лапылдап... "
Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?
1. Кәсіп - өзін-өзі жүзеге асырудың негізі
2. Темперамент, қабілет, мінездің ерекшеліктерін ашу – өзін көрсетудің кілті
3. Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады. Балаңызға мамандық пен кәсіп түрлерін таңдауда қалай көмектесуге болады
4. Жоғары сынып оқушысының болашағын анықтауына кедергі болатын қиындықтар
5. Бойыңдағы бейімділікті дәл табу - өмірдегі бақыт пен табыстың негізі



