Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді
25
май
2023

"Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді

2 сәуір-Халықаралық ғарышкерлер күні. 4 "Д" сыныбы.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді. Бұл – адамзат тарихындағы айтулы оқиға еді. Осылайша Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды.
Одан бергі аралықта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. 
Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов те бар. 
Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бірінші Май ауылында дүниеге келген. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан "Союз ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты.
Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында туған. 1994 жылы ғарышқа бірінші рет ұшқанда 126 күн ғарышта өткізген. 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқанда 208 күн ғарышта өткізді. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет, 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. 2001 жылы ғарышқа үшінші рет ұшқанда 8 күн ғарышта өткізген.
Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Талдықорған қаласы Өтеней ауылында дүниеге келген. 2015 жылы 2 қыркүйекте екінші бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған "Союз ТМА-18М" кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясынан ұшты..  Айдын Айымбетов ғарышта 10 күн болып, маңызды зерттеулер жүргізді.
[media=https://www.facebook.com/100011985016765/videos/170590558833858/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив