22
апрель
2024
4, 9, 11 сыныптар және барлық сыныптар бойынша, ата-ана, оқушы және мектеп тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа ш
Құрметті АТА-АНАЛАР!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда мереке күндерінде және 4, 9, 11 сыныптар және барлық сыныптар бойынша, ата-ана, оқушы және мектеп тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынғандығын ескертемін!
Жат әдеттерден аулақ болу және балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында:
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық жасамау,
- мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен қандай да бір сыйлықтар бермеу,
- бірыңғай мектеп формасын кию,
- соңғы қоңырауда көлікте серуендемеу,
- кафе, мейрамханалар да отырыс жасамау,
- тауға саяхат жасамау жөнінде қатаң түрде тыйым салынғанын қайта ескертемін!
Ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау және емтихан кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін естеріңізге саламын!
Ж. Аймауытов атындағы
№64 мектеп-гимназия директоры: Сандыбаева Гульхан Турсыметовна.
Байланыс телефоным: 8 747 406 11 65