05
март
2024
28.02.24 жылы 5"Г" сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен өтті.
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда орта буын сыныптарында құрылған зерттеу тобының кезекті тізбектелген 1-сабағы 28.02.24 жылы 5"Г" сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен өтті.Пән мұғалімі Сулайманова Бағила. Сабақтың тақырыбы: Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы. Зерттеу тобының мүшелері А,В,С тобындағы оқушыларыдың сабаққа қатысуын зерттеп, бақылады. Сынып 3 топқа бөлінді. Сабақ барысында жеке,топтық жұмыстар жасалды. «Мәтінмен жұмыс»,«Сұрақ-жауап» әдістері қолданылды. Ресурстар:. Интерактивті тақта, оқулық, карта болды. Оқушылардың сабаққа қатысуы, қызығушылығы жақсы.А,В тобындағы оқушылар сұрақтарға тиянақты жауап беріп, тапсырмаларды орындап отырды. С тобындағы оқушыларға қосымша тапсырмалар берілді бағаланды.Кері байланыс жасалды.Оқушылар тақырып бойынша қызықты мәліметтер алды.




