Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
10
октябрь
2022

Ізгіліктану кафедрасының жұмыстары

Ж Аймауытов атындағы 64 мектеп гимназиясындағы дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-насихаттық топтың 25-сәуірге қойылған жоспары бойынша “ Толеранттыққа 20-қадам” атты іс шараны тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Абдикулова Жанат Жанбырбаевна 9-11сынып оқушыларымен түсіндіре жұмыстарын бастады. Қазақстан халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіре отырып , олардың бойына дұрыс қарым-қатынас пен ел тыныштығы мен жаһандық дамуды басымдыққа алуда. Толеранттық» деген атауы халықаралық термин сөз болғанымен, мазмұн-мағынасы қазақтың төл сөзі — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы. Ол қарапайым тұрмыста көршінің көршіге деген төзімділігінен бастап, кең ауқымда мәдениеттер арасындағы, діни конфессиялар арасындағы, ұлттар, ұлыстар, тілдер арасындағы өзара төзімділікті, ымыраласуды білдіреді.  Толеранттық   яғни  өзінен өзгенің  айырмашылықтарын мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі. Бала бойында толеранттылықты қалыптастырудағы педагогтардың ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары отбасы қарым-қатынасы мен отбасы ерекшеліктерін ескеру негізінде іске асады.
Сондықтан да әрбір оқушы бойына осы бір құндылықты сіңіріп өсіру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде
#отбасы құндылықтар#
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив