20
декабрь
2023
С Бейбарысқа 800-жыл. Алтыбаев Ж, Пердебекова А, Жолдыбаев Н
15.12.2023ж Алтыбаев Ж, Пердебекова А, Жолдыбаев Ж С Бейбарыстың 800ж орай сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.
Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіру; Сұлтан Бейбарыстың ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету, халықтық дәстүрді, әдет - ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу, ұлтжандылық, патриоттық сезімдерге баулу мақсатында Алтыбаев Ж, Жолдыбаев Н, Пердебекова А іс-шара өтті
Онда білім алушылар Сұлтан Бейбарыс туралы ақпараттармен танысып, алған білімдерін жинақтау жұмыстары арқылы бекітті. Сұлтан Бейбарыстың құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегі, мақсат жолындағы табандылығы білім алушыларға үлгі етілді.
Бейбарыс құлдыққа қалай сатылды
Сұлтан Бейбарыс (араб тіліндегі толық аты-жөні - әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс I әл-Бұндуқтари әс-Салих) 1223 жылы Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Тарихи деректерге сәйкес, Бейбарыс қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан, туған жері – қазіргі Атырау облысы.
ХІІІ ғасырдың 40-шы жылдарында моңғол әскері Дешті-Қыпшақ мемлекетіне шабуыл жасап, болашақ сұлтанды тұтқынға алып кетеді. Ол кезде құл саудасы өркендеп тұрған. Әлемде көшпенділерден артық шабандоз болмады. Жас қыпшақтар құлдыққа сатылып, әскери дайындығын жақсарту үшін Ніл өзенінің ортасындағы аралға жіберіліп отырған.
Мысыр билеушілері мемлекетті қорғау үшін жергілікті халықты емес, көшпелі түркі жасақтарын қолданған. Түркі және кавказ текті тұтқындар ислам дінін қабылдап, сарай әскерінде қызмет еткен мысырлық әскердің негізгі қаймағы болды. Арабтар оларды "мәмлүк" деп атаған.