Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » » "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" оқиғасына -300жыл. Елемесова Б.
20
декабрь
2023

"Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" оқиғасына -300жыл. Елемесова Б.

12.12.2023ж Елемесова Б Ғылыми конференция сабағын Ақтабан шұбырынды. Алқакөл сұламасы 300 жыл тақырыбында өтті.
Жоңғарлардың қазақ еліне 1720-жылдары жасаған шапқыншылықтары “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген ортақ атаумен аталады. Cол кезеңдегі ең ірі шапқыншылықтың бірінде (1722 жылы) жоңғар әскері Қаратауды кесіп өтіп, Сайрам, Ташкент және Қарамұрт қалаларын басып алады. Дереккөздерде аштық пен кедейшілік, қазақтардың үлкен азапқа ұшырағаны туралы айтылғанымен, шабуылдың ауқымы мен адам шығыны туралы нақты деректің болмауы түрлі интерпретацияларға жол ашты. АҚШ-тағы Индиана университетінің Ph.D кандидаты Майкл Ханкок-Пармер кеңестік кезеңде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» қатысты түрлі дереккөздер қалай таңдалды?», «оларға сілтеме қалай жасалды?», «ол дереккөздердің кейбірі неге онша еленбеді?» және «ол деректер не себепті бұрмаланды?» деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында зерттеу жасаған. Бірнеше тарихи еңбекке талдау жасаған Ханкок-Пармер кеңес дәуіріне дейін, кеңестік кезеңде және тәуелсіз Қазақстанда “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасына сол кезеңдегі биліктің қажеттіліктеріне сай баға берілген деген қорытындыға келеді. Қазақ даласында кеңес өкіметі орнағанға дейін “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” туралы естеліктер келесі ұрпаққа қасіреттің сабақтарын түсіндіру ниетімен айтылса, Кеңес одағы тұсында қазақтардың Ресейден автономия алуы тағы бір ауыр қасіретке алып келеді деген ойды халықтың санасына сіңіру мақсатындағы коммунистік билік интерпретациясы басым болған. Ал тәуелсіз Қазақстанның саяси билігі орталықтанған күшті өкіметтің қажеттігін дәлелдеп, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” қасіреті – “шашыраңқы қоғам сыртқы күштердің оңай олжасына айналатынын анық көрсететін тарихи сабақ” деген интерпретацияны қолданып келеді.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив