Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
» » » 10 "Ә" сынып жетекшісі Абдикулова Жанат. Ата-аналар жиналысы.
20
сентябрь
2023

10 "Ә" сынып жетекшісі Абдикулова Жанат. Ата-аналар жиналысы.

Ж Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназиясында “ Отбасы-бақыт мекені” атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. 
10 “ Ә” сынып жетекшісі Абдикулова Жанат Жанбырбаевна отбасылық құндылықтары мен тәрбие процесіндегі ерекшеліктерге байланысты баяндама оқыды. 
Күн  тәртібінде:
1. Жаңа оқу жылының басталуына орай ата-аналармен тренинг ұйымдастыру.
2. 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі
3. Ата-аналар комитетін сайлау
4. «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі. Отбасы құндылықтары» баяндама
5. Оқушылар мен ата-аналардың міндеттерін таныстыру. (Тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербулингтің, булингтің, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жолда жүру ережесі, оқушылардың өмір және жол қауіпсіздігі, т.б.)
6. Әртүрлі мәселелер
          Тыңдалды:
1. Жаңа оқу жылының басталуына орай ата-аналармен тренинг ұйымдастырылды. «Танысу жаттығуы», ата-аналармен топтық және жеке дара ойындар ұйымдастырылды. «Додекаэдр» әдісі арқылы өз перзенттерін табу.
“ Құпия шар” әдісі арқылы ата-аналар мен балаларының арасындағы байланысты анықтау. 
2. 2023-2024ж оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебін сынып жетекші Ж.Абдикулова таныстырып шықты. Сыныптың үздік оқушылары, жақсы оқитыны, білім сапасы орта оқушылар туралы есеп беріп өтті. Білім сапасы, тәртіп, ұқыптылық, жауапкершілік, адамгершілік, кішіпейілділік оқушыға қойылатын басты талаптар екенін атап өтті.
3. 2023-2024ж жаңа оқу жылындағы ата-аналар комитетінің төрайымы етіп Джумабекова Зульфия,Алтынбекова Сандуғаш,Шобик Нигара оның көмекшілері Бозанбаева Айнұр және Сатова Ғалия сайлады.
4. «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты баяндаманы сынып жетекші
     Ж Абдикулова оқып, таныстырды.
Баланың шыр етіп өмірге келуі-зор қуаныш. Өйткені, бала өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Аллахтың берген сыйы. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған.
Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне жауаптылықпен қарап, бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні
— өз ұрпағы.
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Осы тақырып төңірегінде пікір таласта Момбекова Сандуғаш, Жуманова Сауле өз ойларымен бөлісті.
5. Сынып жетекші Ж.Абдикулова оқушылар мен ата-аналардың міндеттерімен таныстырды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербулингтің, булингтің, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жолда жүру ережесі, оқушылардың өмір және жол қауіпсіздігі, т.б. мәселелер бойынша пікір алмасу жүрді, ата-аналар осы тақырып көлемінде өз ойларымен бөлісті. Электронды құрылғыларда (компьютер, ноутбук,
планшет, сотка т.б.) шектен тыс көп отырудың баланың жүйке жүйесіне зияны және әртүрлі тәрбиелік мәні жоқ ойындардың бала тәрбиесіне кері әсері жайында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
6. Оқушылардың ұялы телефонмен жұмысын бақылау, түрлі интернет ойындарын ойнаудан аулақ болу керектігі айтылды. Сабаққа формамен келу, сабақтан себепсіз қалмау, сабаққа дайындықпен келу және т.б. мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Күнделік кз-ке оқушы да ата-ана да уақытылы кіріп отыру керектігі хабарланды. Ата-аналардан ұсыныс тілектер айтылды, жаңа оқу жылына сәттіліктер тіледі.
Қаулы:
1. 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Жаңа оқу жылындағы ата-аналар комитетінің төрайымы Джумабекова Зульфия, оның көмекшілері көмекшілері Бозанбаева Айнұр және Сатова Ғалия сайлансын.
3. «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты баяндама қанағаттанарлық деп танылсын.
4. Балалардың интернет желісіндегі жұмыстары ата-аналар тарапынан қадағалауға алынсын.
5.Сабақтан себепсіз қалмау, форма, сабаққа дайындықпен келуі ата-аналар тарапынан  қадағалансын.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив