06
январь
2023
Музыка пәні бойынша "Қыстың көзі қырауда" тақырыбында ашық сабақ
15.12.22 күні музыка пәнінің мұғалімі Турусова Айгүл 2 "Ә" сыныбында "Қыстың көзі қырауда" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты:музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен музыканың сипатын анықтау;Ұлттық және классикалық аспаптардың дыбысталуын салыстыру;музыкалық-шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу.Музыка арқылы туған өлкесінің қыс мезгіліндегі табиғатына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Білім алушылар Абайдың "Қыс" өлеңін оқыды.Антонио Вивальдидің"Жылдың төрт мезгілі" ,Т.Тоғжановтың "Қыс.Желтоқсан"атты шығармаларын тыңдады.Ұлттық және классикалық аспаптарды салыстырды.




