14
март
2023
4 д сынып "Аяулы анашым"
4 "Д" сыныбындағы тәрбие сабақ.
Тақырыбы: «Аяулы анашым».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана пейілі мен махаббатын сезіндіру, ананы ардақтай білуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу,өнеге тұту сияқты қасиеттерді сіңіру, үлкенге ізетті болуды қалыптастыру.
Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!
Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!
Сіздерді көктемнің алғашқы айындағы 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

