4 "Д" сынып "Алғыс айту" күні
«Алғыс айту -парызым»
Сабақтың мақсаты: алғыс және ризашылық сөзінің мән-мағынасын түсіну.
Өзінен үлкендерге деген сыйластық қарым-қатынасын дамыту.
Әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығында 1 Наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланған екен.
-- Алғыс кімге, не үшін айтылады? ....
Әрине, ата – анаңа, атаңа, апаңа мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім - тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, досыңа көмегі үшін жалпы кез - келген жақсылық пен көмекке алғыс айтылатынын білеміз.
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамыз ата-анаға!
Ризамыз бәріне!

