Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
03
февраль
2023

4 "Д" сынып асхана тынысы

Оқушылардың дұрыс тамақтануы – біздің басты міндетіміз!
Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар, себебі балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргетасы қалыптасады, ал тағам — бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі болып табылады.
 Ұрпағымыздың сау, ақылды және белсенді болып өсуіне көмектесу мақсатында оқушының жасына байланысты физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын дұрыс тамақтануды қадағалауда. Баланың жасының әр кезеңі алдыңғысынан өсу қарқыны және физиологиялық жүйелердің жетілуімен, өсу үстіндегі организмнің тіндері мен ағзаларында өтетін өзгерістердің сапасымен ерекшеленеді.
Сондықтан баланың жасының әр кезеңіндегі тамақтануы айрықша талаптармен сипатталады, осы талаптарды ескеру арқылы баланың ақыл-ойы мен денесінің қалыпты дамуына, өмірлік әлеуетін арттыруға ықпал етуге болады.  
Салауатты тамақтану ұстанымдарын қадағалау организмнің ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, дәрумендерге, макро және микроэлементтерге, басқа да көптеген қоректік заттектерге барлық қажет-тіліктерін қанағат-тандыруға мүмкіндік береді, осы арқылы: – өсу үстіндегі организмнің қалыпты дамуына ықпал етеді.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив