Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
8(7252) 95-47-35
+7(707) 889-82-40
Версия для
слабовидящих
Алтын сақа
28
май
2023
Алтын сақа
25.02.2023ж. күні өткізілген «Алтын сақа» математикалық сайысының қалалық кезеңінен 3 А сыныбының оқушысы Оңат Мұхаммад ІІІ-дәрежелі дипломмен марпатталды. Білімің арта берсін, жеңімпазым!
«Бастауыш сыныптарда оқыту мен оқудағы топтық жұмыстың тиімділігі»
28
май
2023
«Бастауыш сыныптарда оқыту мен оқудағы топтық жұмыстың тиімділігі»
24.05.2023ж. күні мектепішілік ғылыми практикалық конференцияда «Бастауыш сыныптарда оқыту мен оқудағы топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында баяндама оқып қалалық ғылыми практикалық конференцияға ұсынылдым
«Білім сапасын арттырудың негізгі шарты – Жаңа инновациялық технологияларды қолдану»
28
май
2023
«Білім сапасын арттырудың негізгі шарты – Жаңа инновациялық
. 10.03.2023ж  «Білім сапасын арттырудың негізгі шарты – Жаңа инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбындағы қалалық оқыту семинарында жаратылыстану пәнінен «Күн мен түн неліктен алмасады?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді  
Наурыз құтты болсын!
28
май
2023
Наурыз құтты болсын!
Құрметті ұстаздар қауымы, ата- аналар, оқушылар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молаятын,
Бракераж комиссиясының жұмысы
28
май
2023
Бракераж комиссиясының жұмысы
Мектеп-гимназия асханасы тексерілді. Брокераж комиссия мүшелері мектеп-гимназияның асханасында беріліп жатқан тамақтың сапасына, санитарлық талаптардың сақталуына тексеру жүргізді. #ыстықтамақ64
Хабарландыру
28
май
2023
Хабарландыру
Балалық шағымның "Бал дәурені". Құрметті балалар! Сіздерді  Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназияда балалардың жазғы демалысын сапалы өткізу, дене шынықтыру- сауықтыру, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мәдени бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін мектеп жанынан ашылғалы отырған "Балдаурен" алаңшасына шақырамыз. Таңертеңгілік жаттығу, спорттық ойындар, эстафета, би сабағы, тренингтер, танымдық және саяхат сабақтар, театр мен мұражай күндері, ертегілер әлеміне саяхат пен музыкалық ән кештері
Директор жаңындағы кеңес
28
май
2023
Директор жаңындағы кеңес
Мектеп - гимназияға 2023-2024  оқу жылына мектепалды даярлық тобына және 1- сыныпқа оқушыларды қабылдау 1- сәуірде басталғаны белгілі. Осы мәселеге байланысты мектеп- гимназия директоры Гульхан Сандыбаева арнайы кеңес өткізіп, бүгінгі күнге дейін оқушыларды қабылдау бойынша жасалынған жұмыстарға есеп берілді. Директор тарапынан жұмысты күшейтуге тапсырма берілді. #64_1сыныпқақабылдау
Хабарландыру
28
май
2023
Хабарландыру
Құрметті ата-аналар! Ж.Аймауытов атындағы 64  мектеп- гимназиясы  2023 жылдың  1- сәуірінен бастап 1- тамызына дейін 2023-2024 оқу жылына 1- сынып оқушыларының құжаттарын қабылдауды бастап кетті. Сапалы білім мен патриоттық тәрбие беретін мектеп- гимназияны таңдауыңыз үшін  7 себеп: Сапалы білім, тәжірибелі ұстаздар Заманауи жабдықталған сынып кабинеттері Екі спорт зал, волейболға және футболға арналған екі спорт алаңшасы, 150 орындық мәжіліс залы, 150  орындық мектеп асханасы, мектеп мұражайы,
Ашық сабақ
28
май
2023
Ашық сабақ
24.02.2023 жылы Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның 0 "А" сыныбында сауат ашу пәнінен "Дыбыстық талдау. Әә дауысты дыбысы" тақырыбында ашық сабақ болды. Ашық сабақтың мақсаты: Балаларға дыбыс пен әріп туралы түсінік беру. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрау арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.