28
май
2023
Хабарландыру
Балалық шағымның "Бал дәурені".




Құрметті балалар! Сіздерді
Ж.Аймауытов атындағы 64 мектеп-гимназияда балалардың жазғы демалысын сапалы өткізу, дене шынықтыру- сауықтыру, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мәдени бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін мектеп жанынан ашылғалы отырған "Балдаурен" алаңшасына шақырамыз. Таңертеңгілік жаттығу, спорттық ойындар, эстафета, би сабағы, тренингтер, танымдық және саяхат сабақтар, театр мен мұражай күндері, ертегілер әлеміне саяхат пен музыкалық ән кештері өз балдырғандарын күтеді. Келіңіздер, жазғы демалысты достармен бірге өткізейік.


